Жалған махаббат жайында көпшілік білуі мүмкін. Ол жайында аз айтылып жатқан жоқ. Шынында нағыз махаббат қандай болады? Көптеген адамдар махаббаттың анықтамасы жоқ, ол - өте нәзік сезім деп жатады. Дегенмен, тәжірибелі мамандар махаббатқа да анықтама беріп, нағыз махаббаттың белгілерін атап көрсетеді. Оның үстіне, нағыз махаббаттың белгілері сіздің болашақта қателеспеуіңізге көмектеседі. Себебі, бұл қатаң заңдылық, сіз осы белгілер арқылы міндетті түрде нағыз махаббатты жалған сезімнен ажырата аласыз!
Махаббат сезімін әрбір адам терең генетикалық деңгейде сезіне алады. Бұл болашақ ананың болашақ баласына деген сезіміне ұқсас. Адам шынайы махаббаттың алғашқы кезеңінде оны бақылай алмайды. Бұл нағыз махаббаттың бірінші және басты белгілерінің бірі. Төменде сіздерге нағыз махаббаттың маңызды анықтамалары мен белгілерін ұсынып отырмыз.
Сен кейбір жігіттердің соңынан қыздардың топ-топ болып жүретінін байқаған шығарсың. Байлығына қызығады десең, асып бара жатқан ештеңесі жоқ. Сымбатына сұқтанады дейін десең, сен де келісті жігітсің. Бірақ қыздарға келгенде сенің ешбір қырың жоқ. Олай болса, қыз жүрегін жаулаудың мына тәсілдері қажетіңе жарап қалар:
1. Қандайда бір қызға ұнау үшін ең алдымен оның көзіне тіктеп қарау керек. Егер ол да сенен көзін айырмаса, онда жұлдызың жануы мүмкін. Егер, қыз көзін айырмаған қалпы күлімсірей қараса, бағың бар жігітсің.
2. Барлық қыздарға бірдей ұнаймын деп жанталасудың қажеті жоқ. «Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді», деген мақалды махаббат машақатына ұрынғандарға да қаратып айтуға болады. Сондықтан, бір қызды таңдадың ба, соның жүрегін жаулауды ғана ойла.
3. Қыздың өзін ханшайым сезінуіне жағдай жаса. Оның бәрінен де сұлу, бәрінен де көрікті екенін сездірсең, келесі кездесуден бас тартпасы анық. Бірақ, тым артық кетіп жүрме.