Сенбі, 20.04.2024, 20:11
Басты бет | Тіркелу | Кіру Қош келдіңіз Қонақ | RSS
Біздің сайтқа қош келдіңіз. Cайт internet explorer браузерінде дұрыс істемейді, сондықтан басқа браузерді қолдануыңызды сұраймыз. Сайттың дамуына көмектескілеріңіз келсе маған жазыңдар e-mail: Ametov-94@mail.ru немесе форумда өздерің жайлы мағлұматтар қалдырсаңдар болады
Іздеу
Сайт мәзірі
Категории раздела
Махаббат [2]
Достық [0]
Әр түрлі [2]
Отбасы [2]
Кеңестер [5]
Мини-чат
 
200
Статистика
Онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар 0

[ Бүгін кім болды ]
Баннер
Біздің баннер


Басты бет » Мақалалар » Кеңестер

14 қыздан қашық бол!
Бақытты болу сенің де

Аялаған арманың,

Мәшине, зәулім үйің не?

Басқаша болса талғамың…

Бола бер мейлі қас батыр,

Жыға бер мейлің талайды,

Сені де бір күн әйелдің

«Кіршіксіз» қолы қармайды,

Тағдырлық іске шараң не,

Жетекке еріп кетесің,

Түсіңе кірмес әйелмен,

Өңіңде өмір сүресің…

Басыңа бақ боп қонатын

Жалғыз ғана қызың бар.

Маңдайдың соры болатын,

Он төрт басқа құрбың бар:

Неке қуған, өзімшіл,

Жауыз бен жалғыз басты ана,

Усиқы, сүлік, теңгешіл,

Еріккен, ергіш басқаға,

Жұмысбасты, тас кедей,

Тергеуші, білгіш, һәм шешей!

***

1) Неке қуған әрине,

Мақсат қылар пещәтті

Ондайлар дайын бәріне,

Жібермеу үшін бұл сәтті!

Әйтеуір біреу түсер деп,

Торларын кеңге жаяды

Сүймесе кейін сүйер деп,

Сорлыны байлап алады..

«Ешкімнен кем жерім жоқ,

Менің де байым бар заңды»,

- деп айтса, бітті көңіл тоқ

Басқасы түртпес бұл жанды!

***

2) Өзімшіл өзін аялап,

Еркекті құл деп санайды,

Көпшілік жерді саялап,

Ел назарын қалайды

Ұйыққан иттей шұбырып,

Еркектер еріп соңынан,

Жүргенің үнсіз жын ұрып,

Боқ та келмей қолыңнан.

***

3)Жалғыз басты анаға

Жалақы жетпей тұрғаны,

Әке де керек балаға,

Амалсыз күтіп отқаны

***

4) Қайсар болса қатын жау,

Қалғандай өші еркекте,

Ұрыс керіс, бітпес дау

Ондайдан қашқан жөн ерте

***

5) Айтақтап жолдас-жораңа

Усиқың айдап салады,

Сен жоқта кейіп анаңа,

Сен барда «піш»боп қалады.

***

6) Сенімен бірге қарайтын,

Жек көрсе де футболды,

Қорқудан бір сәт талмайтын,

«Боп кетер байым» деп «қолды»…

Біртүрлісі қатынның,

Үйленсең торға қамайтын,

Қызың бар «сүлік»аты оның,

Бір қадам сенен қалмайтын.

***

7) Әкесімен шамалас,

Болса да мейлі жас-түсің

Теңгешіл жасқа қарамас,

Қалталы болсаң бастысы.

***

8 ) Ешқашан үміт үзбейді,

Қиялына сенімді,

Еріккен қатын іздейді,

Кинодағыдай сезімді…

Сүйіп қалсаң, әрқашан,

Таңқалдыру әдетің,

Күнде әртүрлі сюприз,

Ойлап табу міндетің.

***

9) Жаман әдет, өткенің

Денсаулығың, шеккенің,

Білімің, ішіп-жегенің

Қанша қыз тастап кеткенің,

Жалақың қанша, үй қайда?

Үйіңде кім-кім тұрады,

Жоспарың бар ма бұл айға,

Тергеуші сұрап тұрады.

***

10) Табыс қуып күн-түні,

Жұмысбасты жүреді,

Өсіп-өсіп бір күні,

Мықты екенін біледі…

Ондай қатын қасында,

Сорлы еркек болсаң жасыма,

Керек емес боп қалсаң,

Жүк болма оның басына.

***

11) Күлбикеш болған кезінде,

Ханшайым болу арманы

Қанша жақсы болса да,

Ол да ақшаның құрбаны…

Тас кедей қызға қор болар,

Адал еңбек үрейлі,

Азық бар жерің төр болар,

Әдемі болсын, жоқ мейлі.

***

12) Айырылмай біреудің шашбауынан

Тәуелді боп қалғандай қоштауынан,

Аулақ болған дұрыс-ау деп түйемін,

Өз басымен ойламайтын бостауынан,

***

13) Шешесіндей көрсететін қамқорлығын,

Әйелдер көп, ал тартатын сазайын кім?

Еркек байғұс бөпедей боп қалады,

Әйелі арқаласа қожайынын…
Категория: Кеңестер | Қосқан: Admin (30.08.2011)
Қараулар: 741 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Өз пікілерін тек тіркелген қолданушылар бере алады.
[ Тіркелу | Кіру ]
Кіру формасы
Мини-профиль
Сенбі
20.04.2024
20:11


Өлең тыңдау
Кездейсоқ сурет
Біздің сұраулар
Біздің сайтқа баға беріңіз
Барлық жауап: 65
Сайт достары
  • Сайт жасау
  • Барлығы веб-мастерге
  • Барлығына бағдарламалар
  • Ойын-сауық әлемі
  • Рунеттің үздік сайттары
  • Кулинарнлық рецепттер

  • Copyright MyCorp © 2024
    Создать бесплатный сайт с uCoz Яндекс.Метрика Яндекс цитирования