Сәрсенбі, 17.04.2024, 03:49
Басты бет | Тіркелу | Кіру Қош келдіңіз Қонақ | RSS
Біздің сайтқа қош келдіңіз. Cайт internet explorer браузерінде дұрыс істемейді, сондықтан басқа браузерді қолдануыңызды сұраймыз. Сайттың дамуына көмектескілеріңіз келсе маған жазыңдар e-mail: Ametov-94@mail.ru немесе форумда өздерің жайлы мағлұматтар қалдырсаңдар болады
Іздеу
Сайт мәзірі
Мини-чат
 
200
Статистика
Онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар 0

[ Бүгін кім болды ]
Баннер
Біздің баннер


Басты бет » 2012 » Ақпан » 3 » «Әулие Валентин» күнінің қазаққа еш қатысы жоқ!
21:19
«Әулие Валентин» күнінің қазаққа еш қатысы жоқ!


«Әулие Валентин» күнінің қазаққа еш қатысы жоқ!

Көктем мерекелерінен бұрын жастардың қапылып, қуана күтетін мейрамдарының бірі – Әулие Валентин, яғни, ғашықтар күні. Елімізде ресми жарияланбаса да, халықтың бір тобы 14-ші ақпанды мейрам деп есептейді. Кейбіреулері қайталанбас махаббат аңызын толықтай біліп, түсінгендей боп тойласа, енді біреулері тіпті анық-қанығын білмесе де, елмен бірге елеуге тырысады. Әсіресе, студент жастар, орта 
жастағы қызкеліншектер, жігіт ағалары әйтеуір осы мейрамды тойлауға ынтық-ақ. Халық арасында бұл мейрамның тарағанына да біраз болды. 


Ғашықтар мерекесінің «сыры».

Аңыз бойынша, сонау ерте қараңғылық заманында қатігез Рим императоры II Клавдий отбасылық міндеттерден бос, жанұясыз, жарсыз - бойдақ ерлер, жігері мен еркі босаңсымай, Отан үшін жақсы қызмет етеді деп есептеп, әскерге барғанға дейін ерлерге үйленуге, ал қыздар мен келіншектерге сүйгендеріне тұрмысқа шығуға тиым салады. Сол әскерилердің ішінде жарлыққа қарсы шығып, махаббатын бәрінен де биік қойғандар табылыпты. Олар кейін «Әулие Валентин» атымен бүкіл әлемге танымал болған қарапайым дін қызметшісіне барып, некелерін құпия түрде қидыратын болған. Бұл жасырын некелесу рәсімі халық арасында кең тарап, ал Валентин қарт халыққа жанашырлығымен атағы шығып, ел аузындағы сыйлы азаматқа айналады. Көп ұзамай Әулие Валентиннің ісі биліктегілерге аян болып, олар дін қызметшісін түрмеге қамап, өлім жазасына кеседі. Абақтыда Әулие Валентин түрме қызметкерінің қызы – Джулияға ғашық боп, өлер алдында ғашығына сезімі жайлы баяндап, хат жазып жібереді. Бұйрық б.э.д. 269 жылы 14-ші ақпанда орындалып, кейін бұл күн бүкіл әлем бойынша ғашықтар күні деп, ал мейрам «Әулие Валентин күні» деп аталып кетті. 
«Әулие Валентин күні» Батыс Еуропада XIII ғасырдан бастап, ал, АҚШ-та 1777 жылдан бастап мереке саналады. Кеңес Одағы ыдыраған соң, бұл мейрам Ресейде етек жа-йып, кейін қазақ даласына да келді. Солай біздер де «заман ағымы ғой» деп өзге жұрттың артынан еріп, тойлатын болдық. Әрине, өкінішті!
Батыс күнтізбелеріне үңілсеңіз мейрамдар өте көп «Әулие Патрик күні», «Хэллоуин» және т.с.с. Сонда уақыт өте келе сол мейрамдар бізге келсе, біздер әдеттегідей бар тиын-тебенімізді беріп, үш қайнаса сорпамыз қосылмайтын шетелдік мейрамдарды атой салып тойлаймыз ба? Ең сорақысы, бұл мейрамның ұмытылмай, ұрпақтан-ұрпаққа кәдімгідей «мұра» болып қалуында. Экономикасының қарқыны мен өмір сүру деңгейінің көрсеткіші бойынша бізден әлдеқайда төмен өзбек ағайындарымыз тәрбие жағынан тағы асып түсті. Көршілеріміз бұл мерекеден әлдеқашан бас тарт-қан. Ал, бізге ғашықтар мерекесінің біздің өмірімізге терең ене бастауы соншалық, тіпті, 14-ші ақпан жақындағанда біздің мектептерімізде 6-7 сыныпта оқитын балғын оқушыларымыз мектеп дәлізіне арнайы әшекейленген жәшік ілумен әлек болады. Абыр-сабыр боп жатқан жасөспірімдерімізге ешкім тиым салмақ түгілі, ескерту де жасамайтын.
Біреулер «ұлттық рух», «тәрбие» деп шырылдаса, енді біреулер пайда табамын деп тырбаңдайды және табады да. Осы мерекенің Отаны болып табылатын кәрі құрлық еркектері осы мерекеге орай Кения, Эквадор, Колумбия елдерінен бір ғана Люфтганза Карго компаниясы арқылы 1 млн. тонна раушан гүлін жеткізуге тапсырыс берсе, АҚШ-қа осы мейрам қарсаңында 25 рейске дейін ұшақпен гүл тасымалданып, колумбиялық гүл өсірушілер жылдық табыстың 30 пайызына қол жеткізеді деген ақпарат бар. Осылайша «махаббат мерекесі ғой» деп жүрушілер кейбір жандардың бизнес жоспарын орындап, мол табыс-қа кенелтеді.


Көргенсіз «валентинкалар»

Ертеректе ата-бабаларымыз бір-біріне деген сезімін, қарым-қатынасын мұндай жария түрде баяндамаған. Қыз бен жігіттің арасында жеңгелері өнегелі ұлттың ұрпағына сай қылық танытып, жігіттің ойын еркесіне жеткізіп отырған. Сонымен қатар, қайын сіңлісіне кез-келгеннің сұқтануына жол бермей, текті атаның балаларына, ақылына талай ел тәнті болған ер азаматпен көңіл қосуға кеңес беріп отыратын болған. Жастар некелерін қиғанға дейін жиі кездеспей, жеңгелерінің көмегімен, кестелі орамал арқылы жұмбақтап сырласатын болған.
Ендеше жанымызға еш жақындығы жоқ мейрамды қалай да тойлағанымыз қай сасқанымыз десеңізші?! Біреулер, «еш зияны жоқ қой, жастардың көңіл көтеруіне септігін тигізетін мейрамды тойлағаннан не айып?» деп қарсы шығуы мүмкін. Бірақ, бұл мерекенің мәні әлдеқайда қорқынышты нәтижеге алып келмесіне кім кепіл? Тереңірек ойлансаңыз, бұл мерекенің түп тамырында ұлтты азғындық жолға апаратын, аса үлкен қауіп барын байқайсыз! Себебі ашық-хаттар («валентинкалар») мазмұны жан түршігершіліктей. Ішін айтпағанда, сыртындағы жазулары мен мұндалап, көргенсіздігі бойынша жарыса жазыл-ғандай, тым ерсі! Өзіңіз де талай байқаған шығарсыз. 
Ешқандай «Әулие Валентин күні», ешқандай махаббат күні керек емес, осы пайдасыз еліктеушілік әдетті тасталық!
Расында, ешкімге жалтақтамай, сүйген жарыңа немесе ғашығыңа сыйластығың мен сүйіспеншілігіңді білдіру үшін қыстың бір күнін күту қажет емес тәрізді. 
Сөз соңында айтарымыз, бұл мейрамды тойламауды талап етіп, ешкімді тоқтата алмайтынымыз айдан анық. Сондықтан бұл мәселеге деген қарым-қатынасын әркім өзінен, өз жүрегінен табуы тиіс. «Орта түзер ойыңды, ойың түзер бойыңды» деп дана Абай бекер айтпаса керек. Ертеңгі күннің болашағын қалыптастыруды өзіңізден бастаңыз.

Айнагүл Жұбаназарова
Қаралды: 1916 | Қосқан: Admin | Тегтер: Валентин, Махаббат, еш, қатысы, қазаққа, күнінің, Әулие, жоқ | Рейтинг: 5.0/2
Барлық коментарилер: 3
0  
1 Admin1923   (14.02.2012 21:51) [Материал]
Мм..м.м.м Бұрын басқаша ойлайтын едім, бірақ мынадан кейін ойым өзгерді деп айта аламын. Шындығында да әулие валентин мерекесін тойламайық та ғашықтарымыз бақытты болды емес пе? Бұл мерекенің ештеңеге де қажеті жоқ, қайдағы жоқ вадикандықтардың мерекесін тойлағанша өзіміздің ұмыт қалып бара жатқан мерекелерімізді думандатып өткізгеніміз артық емес пе? smile

0  
2 Admin   (14.02.2012 23:03) [Материал]
Ия дұрыс айтасың өзіміздің 15 сәуір Қозы көрпеш-Баян Сұлу мерекесі бар, оның орныныа соны тойлау керек. Негізі махаббатыңа өзіңнің сезіміңді білдіру үшін мерекелерді күтідің қажеті жоқ, кез келген уақыт оны жақсы көретіндігіңді дәлелдейтіндей зат істеп тұру керексің. Махаббаттарың берік болсын достар!!! happy

0  
3 Admin1923   (15.02.2012 16:52) [Материал]
Рахмет өзіңе де соны тілеймін...

Пікірді тек тіркелген қолданушылар бере алады.
[ Тіркелу | Кіру ]
Кіру формасы
Мини-профиль
Сәрсенбі
17.04.2024
03:49


Күнтізбе
«  Ақпан 2012  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829
Өлең тыңдау
Кездейсоқ сурет
Біздің сұраулар
Шын махаббатқа сенесіз бе?
Барлық жауап: 102
Сайт достары
  • Сайт жасау
  • Барлығы веб-мастерге
  • Барлығына бағдарламалар
  • Ойын-сауық әлемі
  • Рунеттің үздік сайттары
  • Кулинарнлық рецепттер

  • Copyright MyCorp © 2024
    Создать бесплатный сайт с uCoz Яндекс.Метрика Яндекс цитирования