Армандаған ойымдағы бір жансың, Көңілімде, жүрегімде тұрасың. Кім біліпті күндердің бір күнінде, Бір өзіне сұмдық ғашық болармын.
Ешкіммен де сыр бөлісе таппадым, Сезімімді саған ашпай сақтадым. Бір өзіңді жан жүрекпен сүйсем де, Көзге қарап айтуға да жақпадым.
Көп ойлаумен ұзақ күттім өзіңді, Жанарымнан көз жасым да төгілді. Қиялымды көк аспанға самғатып, Аңсап келем сенің нұрлы жүзіңді.
Жүрегімді жараладым мен саған, Жан-сырымды бір өзіңе арнаған. Түнде түске, күндіз еске келесің, Жалғыз менің бір өзіңді аңсаған.
Автор: белгісіз
|